
Департаменттің жеке құрамы арасында ЖЖЕ бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, оның ішінде спирттік және есірткі заттарын қолдануды болдырмау мақсатында, 2021 жылғы 22 қаңтарда Департаменттің дағдарыс орталығында барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, тиісті тақырыпта кеңес өткізілді. Бейнеконференц байланыс құралы арқылы Департаменттің аудандық, ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелері қатысты.
Талдықорған қаласы ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары Зуборь Сергей Сергеевич, облыстық психикалық денсаулық орталығының медициналық-әлеуметтік оңалту меңгерушісі Мақсат Бейбітұлы Ерғабылов баяндама жасады. Сондай-ақ, "250-нысан бойынша" декларацияны тапсыру қарсаңында Алматы облысы МКД жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Асхат Айтмолдаұлы Әбілмәжінов Нұсқаулық сабақ өткізді.
Семинар соңында алкоголь, есірткі және темекі өнімдерінің теріс салдары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
.