Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмысы қорытындыланды

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмысы қорытындыланды

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асқар Тасболатұлы Тойшыбековтің төрағалығымен 2020 жылы атқарған жұмысының қорытындысын шығарды.

Жедел кеңес жұмысына департаменттің құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мекемелерінің басшы құрамы, сондай-ақ «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатауы және Жетісу аумақтық пайдалану басқармаларының, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Талдықорған филиалының басшылары қатысты.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2020 жылғы жұмысының қорытындысы туралы Департамент бастығының орынбасарлары азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Дүйсенханұлы Ахашов пен подполковник Игорь Евгеньевич Жуков баяндап, 2020 жылы Департамент халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, өрт қауіпсіздігін және адамдардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласында өзіне жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды тиімді және толық көлемде орындағанын атап өтті.

«Департамент бөлімшелеріндегі қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйі және оны нығайту жөніндегі жұмыстың қорытындылары туралы» баяндамамен кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Х. Қалиев сөз сөйледі.

2020 жылғы қызмет қорытындыларын шығару барысында жұмыс нәтижелері, жетістіктер айтылды, проблемалық мәселелер, оларды шешу жолдары талқыланды және облыс тұрғындары мен аумақтарын қорғау жүйесін одан әрі дамыту перспективалары анықталды.

Іс-шара шеңберінде Департаменттің жеке құрамымен профилактикалық кездесуін өткізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Садықов шақырылып, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілікті күшейтетін қабылданған нормаларды түсіндірді. 

Жиын соңында Департамент бастығы Асқар Тойшыбеков ағымдағы жылғы қаңтардағы рейдтік іс-шаралар барысында Қапшағай су қоймасындағы балықшыларды құтқарғаны үшін, Талғар АПБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы полиция капитаны Дастан Берікбаевқа марапатты табыс етті.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі