Кербұлақ ауданынның аумағында «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік күні» Акциясы

Кербұлақ ауданынның аумағында  «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік күні» Акциясы

Кербұлақ ауданының азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесі бойынша «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздік күні» атты  Акциясын өткізді.

Акциясы барысында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Мысалы, 9 ақпанда Сарыөзек ауылында жылыту кезеңінде тұрғын үй секторын аралау бойынша рейдтік іс-шара өткізілді. Қызметкерлер 142 адамды қамти отырып, 87 тұрғын үйді аралап шықты. Азаматтарға бұзушылықтарға жол бермеу бойынша талаптар түсіндірілді, тұрмыстағы, сондай-ақ жылыту пештерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар табыс етілді.

Кербұлақ ауданының ТЖБ өрттің пайда болуын болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:

Оттықтың алдындағы еденде жанбайтын материалдан жасалған көлемі кемінде 50х70 сантиметр зақымдалмаған от алдыру алдындағы Парақ жатуға тиіс. Пештің жағу есігі жағынан кіретін жолдары бос болуы тиіс. Жиһаз пештен 70 сантиметр, ал оттық саңылауларынан кемінде 125 сантиметр қашықтықта болуы тиіс. Бұдан басқа, пештер мен түтін құбырларының беттері шаң мен басқа да жанғыш шөгінділерден жүйелі түрде тазартылуы тиіс. Қож мен күлді олар үшін арнайы бөлінген қауіпсіз жерге апарып, сумен толтыру қажет. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Өрт немесе ТЖ кезінде 101/112 нөмірі бойынша қоңырау шалыңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі