КТИ жарқын болашаққа жол!

КТИ жарқын болашаққа жол!

Көкшетау техникалық институты Қазақстан Республикасында азаматтық қорғау мамандарын даярлайтын жалғыз мекеме. Кербұлақ ауданының ТЖБ қызметкерлері Сарыөзек ауылының 19-ӨСБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, осы өңірдегі мектеп түлектерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты-әрбір түлекке институт туралы ақпаратты жеткізу, өйткені КТИ өз түлектеріне жарқын болашақ сыйлайды.

Қызметкерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына кандидаттарды іріктеу және қабылдау ережелері туралы айтты. Болашақ түлектер Институтта «Өрт қауіпсіздігі», «Төтенше жағдайлардан қорғау» және «Азаматтық қорғаныс командалық-тактикалық күштері» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар білікті қызметкерлер дайындайтын туралы білді. Сондай-ақ, қызметкерлер Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының ТЖМ оқу орындарында халықаралық ынтымақтастық арқасында Қазақстан Республикасының есебінен 120 курсанттар оқып жатқандығын және шетелдік жоғары оқу орындарына түсу үшін барлық мүмкіндіктері бар екендігіне қөздери жетті. Ал бейнежазбаларды көргеннен кейін оқушылар Көкшетау техникалық институты жайлы естігені мен көргеніне шынайы қызығушылық танытты.

Іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылар қызығушылықпен институтқа түсу ережелері туралы сұрақтар қойды. Қызығушылық танытқан тұлғаларға барлық ақпаратты білуге болатын буклеттер мен брошюралар берілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі