Дауылды алдын ала ескерту

Дауылды алдын ала ескерту

Алматы облысының ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 8 ақпандағы дауылды ескертуі негізінде 2021 жылғы 8 ақпандағы сағат 21.00-ден 9 ақпандағы сағат 21.00-ге дейін Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 18-23 м/с жетеді.

Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі