
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Казахавтодор" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 8 ақпан сағат 10.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) "Ұшарал - Достық" республикалық маңызы бар автожолында (84-184 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі