
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері мен жол қызметінің қызметкерлері қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және адамдарды қар құрсауынан құтқарғаны үшін "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Марапатталғандар "Үшарал-Достық" және "Сарыөзек-Көктал" автожолдарының учаскелерінде өздерінің ерліктерін көрсетті. Қиын климаттық жағдайлардың, қатты желдің және нөлдік көрінудің нәтижесінде құтқарушылар арнайы техникамен, кейбір жерлерде күрекпен биіктігі 2-3 метрге дейінгі қар құрсауын бұзып өтуге мәжбүр болды. Алматы облысы ТЖД және жол қызметтерінің қызметкерлері 2020-2021 жылдардың қысқы кезеңінің басынан бастап 292 азаматты құтқарып, қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оның ішінде жүктіліктің сегізінші айындағы жүкті әйел екі баласымен бірге болды, сондай-ақ 106 бірлік түрлі автотехника құтқарылды. Қар құрсауының салдарын жою бойынша жедел қабылданған шаралардың арқасында азаматтардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Азаматтарды құтқарғаны үшін, сондай–ақ республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда ТЖ жоюды ұйымдастырғаны үшін "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды: азаматтық қорғау майоры Ринат Талғатұлы Тазабеков Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Марат Әбішұлы Смағұлов Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел-жасағы Алакөл өңірінің құтқару бөлімшесінің басшысы, Оңдабай Қабайұлы Ақжолов Алакөл өңірінің спастель бөлімшесінің құтқарушысы, Тұрдыбеков Бауыржан Тұрдыбекұлы Алакөл өңірінің спастель бөлімшесінің құтқарушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің Алғыс хатымен марапатталды: азаматтық қорғау аға лейтенанты Душебаев Шыңғыс Өмірсерікұлы Сарыөзек ауылының №19 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Қайыркен Ерасыл Рысбекұлы Сарыөзек ауылының №19 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау лейтенанты Қабылжан Әлішер Мәлікұлы Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға сержанты Даутов Ренат Әбдікерімұлы Сарыөзек ауылының №19 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, Рысбеков Асхат Амангелдіұлы бас құтқарушы Алакөл өңірінің құтқару бөлімшесі, Әбделдаев Қуандық Сәкенұлы Алакөл өңірінің құтқару бөлімшесінің құтқарушысы, Ыбырайымбаев Қуаныш Арғынғазыұлы Алакөл өңірінің құтқару бөлімшесінің құтқарушысы, Нұрмұхамбетов Азамат Сәметқанұлы Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Алакөл өңірінің құтқару бөлімшесінің құтқарушысы, жүк тиегіш операторы "ИВРУС" ЖШС Исмаилов Ханал Фазалович, "ИВРУС"ЖШС автогрейдерлер машинисі Мутиев Нурали Гульалиевич, "ИВРУС" ЖШС жұмыскері Сайдуллаев Муса Исламович, "ИВРУС" ЖШС жүргізушісі Шахпазов Фахри Джамалович, "Альянс" инженерлік–өндірістік орталығы" ЖШС техникалық қадағалау инженері Кабышев Ринат Мухтарович, "АБК-Автодор НС" ЖШС қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бөлімінің бастығы Тұмарбаев Асхат Сабырұлы. Кейбір тұлғаларды марапаттау жергілікті жерлерде өткізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі