
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері өрт кезінде адам өлімі мен өрттердің санын азайту мақсатында тұрақты түрде әр түрлі акциялар, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша жеке тұрғын үйлерде алдын алу рейдтерін жүргізеді. Алайда, осыған қарамастан, 2021 жылдың басынан бастап Алматы облысының аумағында 90 өрт тіркелді, оның 54-і тұрғын үй секторында, өкінішке орай өрттерде 9 адам қаза тапты, ТЖД қызметкерлері өрт сөндіру кезінде 10 адамды құтқарып, 68 адамды қауіпсіз жерге көшірді.
Жылыту маусымында азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы бойынша профилактикалық жұмыстар ТЖД қызметкерлерімен алдын ала 2020 жылдың 15 тамызынан басталды, негізгі назар жеке тұрғын үйлердің аулаларын аралау жұмыстарына аударылды. Аулаларды аралау және рейдтік іс-шаралар барысында 278 мың 707 жеке тұрғын үйді қамтылды, оның ішінде 14 мың 993 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды, оның 11 мың 998-і орнында жойылды, қалғандары бойынша оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Рейдтік іс-шараларға көбінесе волонтерлер, полиция қызметкерлері, электриктер және жылыту пештерін қалау және орнату жөніндегі мамандар (пешшілер) тартылады. Үйлердегі ауқымды рейдтер барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды анықтай отырып, оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.
Рейдтерге электриктер мен пешшілерді тарту өрттің негізгі себептерінің статистикасына негізделеді: түтін құбырларының жанғыш құрылымдардан жеткіліксіз шегінуі және электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өрттің пайда болуын болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:
- электр сымдары мен электр техникалық бұйымдардың жарамдылығын қадағалау;
- жылыту құралдарын жарамды күйде ұстау және оларды перделер мен жиһаздардан алыс орнату;
- бір желіге қуаты жоғары бірнеше электрқұрылғылардың қосылуына жол бермеу;
- қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға болмайды;
- киімді кептіру үшін жылытқыштарды пайдаланбаңыз;
- үйден шыққан кезде барлық газ және электр жабдықтарының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
- жылыту пештерін уақтылы жөндеу, түтіндіктерді күйеден тазарту;
- жанғыш құрылымның мұржадан қашықтығы кем дегенде 50-70 см болуы керек;
- пештің от жағу есігінің алдындағы еденде өлшемі 50 х 70 см металл табақ шегелеу керек;
- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуды болдырмау;
- жанып жатқан пештер мен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды;
- сіріңкелер мен жағу құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтауға, жас балаларды қараусыз қалдырмауға;
- төсекте темекі шегуге болмайды, әсіресе мас күйінде.
Өртке қарсы қызметтің телефон нөмірі 101 немесе 112!
Ерлан Ахашов,
Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары
азаматтық қорғау полковнигі