
2021 жылғы 4 ақпанда сағат 08.50-де Алматы облысы ТЖД-не Талғар ауданы Жаңа Қуат ауылында таунхаус үлгісіндегі тұрғын үйдің шатырының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті (2 қабатты, 9 кіреберісті, 18 пәтерлі тұрғын үй, көлемі 60х12 метр, жалпы аумағы 720 шаршы метр).
Өрт сөндіру барысында ТЖД қызметкерлері 4 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады, тағы 30 адамды оның ішінде 2 бала өз бетінше эвакуацияланды.
Қабылданған шаралармен оттың тұрғын үйдің барлық алаңына таралуына жол берілген жоқ, өрт Алматы облысы ТЖД 18 қызметкері мен 5 бірлік техникасының күшімен сағат 10.05-те оқшауланды және сағат 10.20-да жойылды, өрт аумағы 360 ш.м. құрады.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді.
Өрттің пайда болуын болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береміз:
- электр сымдарының жарамдылығын бақылау және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу;
- электр аспаптарын, плиталарды перделер мен жиһаздардан алыс орналастыруға;
- үйден шығар алдында немесе ұйықтар алдында жанып тұрған пештің, газ және электр жабдықтарының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
- жылыту пештерін уақытында күйеден тазарту және жөндеу;
- сіріңке және жандырғыш құралдары балалар үшін қол жетпейтін жерлерде сақтауға;
- төсекте темекі шегуге болмайды, әсіресе мас күйінде.
Егер сіз өрттің куәгерлері болсаңыз 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу қоңырау шалыңыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі