
Қазгидромет РМК 2021 жылғы 20 қаңтардағы дауылды ескерту негізінде Кеген ауданының аумағында 2021 жылғы 22 қаңтарда екпінді желмен 23-28 м/сек қалың қар түрінде ауа райы жағдайы қалыптасты.
22 қаңтарда Кеген ауылының өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Nissan Almera маркалы жеңіл автокөлігі қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Кеген ауылының өрт сөндіру бөлімінің күшімен осы көліктің 5 жолаушысы қар құрсауынан құтқарылды. Төтенше жағдай орнына Кеген ауданының ТЖБ 4 қызметкері келгеннен кейін, жеңіл автомашина нөлдік көрінуіне байланысты автомобиль жолынан кювейтке шығып кеткенін анықтады. Кеген ауданының ТЖБ қызметкерлері барлық жолаушыларды жақын елді мекенге эвакуациялады.
Құтқарылған азаматтар Кеген ауданы ТЖБ құтқарушыларына және Алматы облысы ТЖД басшылығына өз алғыстарын білдірді. Олар дауылды ескертулер туралы SMS хабарламаларын елемеуге уәде берді.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде сақтық ережелерін сақтауды сұрайды! Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысу, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізу, қысылтаяң жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынылады. "Дәрмен" мобильді қосымшасы сізге жолдардың жабылуы және дауылды ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 101 немесе 112!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі