
От жағу маусымында өрттің туындауының негізгі себебі пештерді салғанда және пайдаланғанда өрт қауіпсіздік талаптарының бұзылуы болып табылады
Улы газ- ол уландырғыш газ оның иісі жоқ, оны көру немесе иісі бойынша білу мүмкін емес, адамды бірнеше минут ішінде өлтіруі мүмкін. Улы газ адам ағзасына енгенде қанның оттек кислородын алып жүру қаблеттілігі төмендейді, мидың қайтымсыз зақымдалуына, жүрек ауруымен ауыратын адамдардың кеуде ауруына немесе жүрек ұстамасына әкеледі.
От жаққанда пешті дұрыс пайдаланып және жұмыс жағдайын ұстаған кезде шыққан газ мөлшері әдетте қауіп төндірмейді. Жанып бітпеген отыны бар және ысырмасы жабылған пеш улы газдың, білінбейтін удың көзі болып табылады. Отын толығымен жанды деп есептеп, пеш иелері жылуды сақтау үшін түтін жолындағы ысырманы жабады. Әлсіз жанып жатқан көмірден ауа жетіспегендіктен газ шығады, ол герметикасыз пештің саңлауларынан үй ішіне тарайды.
Түтіннің әлсіз тартылуы және ауа жетпегенде сондай-ақ отынның толық жанбауы салдарында улы газ жиналады. Түтін жолдарын тазалау аса ауыр емес – жылына екі рет, жылу беру маусымының басталуы мен аяқталуы кезеңінде, түтін жолдарын, кірпіш қалауларының және модульдің тоғысқан жерлерінің жіктері герметикалылығын текесеру, қажет болған жағдайда ішкі қабырғаларын күлден тазарту жеткілікті. Пештің тұрбасына жалғасқан түтін жолдарын тексеруге ерекше назар аударыңыз.
Улы газбен уланудың белгілері: бұлшық еттердің әлсіздігі, бас айналуы, құлақшулауы, жүрекайнуы, құсу, ұйқыкелуі, галлюцинация, естентану, тыныс алу орталығының жабылуы кома мен қазаға алып келеді . Улану жағдайынан кейін 2-3 жұма өткен соң да улану салдарынан адамдардың қаза болу жағдайы орыналған.
Улы газбен уланған жағдайда газдың шығуын жою; зардапшеккенді таза ауаға шығару; жатқызу, тыныштықты және таза ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз ету керек. Егер зардап шеккен адам ес-түссіз болса жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жүрекке жабық массаж және қолдан демалдыру жасау.
Есте сақтаңыз, қауіпті улы газ концентрациясы бар жерден зардапшеккенді шығарға нуақытта, уланып қалмау үшін, бірінші ретте өзіңізді қауіпсіздендіру қажет. Ол үшін марлі немесе бет орамал арқылы тыныс алып тез әрекет жасау қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі