ТЖД қызметкерлеріне тұрғын үй секторындағы өрттер көп алаңдаушылық тудырады, олардың себебі пештерді дұрыс орнатпау және пайдалану болып табылады. Суық ауа райына байланысты осы себепті өрттер көбейеді. Пешпен жылытатын тұрғын үйлерде пешті орнату кезінде де, пайдалану кезінде де өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуына назар аудару қажет.
- Пешті және басқа да жылыту құралдарын пайдалануды бастамас бұрын тексеруді жүзеге асыру, қажет болған жағдайда жөндеу қажет;
- Пештер жаңғыш конструкциялардан белгіленген стандарттарға сай, сондай-ақ, күйік іздері жоқ және еш зақымсыз жағу алдындағы материал 0,5*0,7 метрден кем емес өртке қарсы бөліктер орнатылған болу қажет;
- Үш айда бір рет, сондай-ақ, жылыту маусымы басталар алдында түтін шығаратын құбырларды және пештерді күйеден тазалау қажет;
- Түтін шығаратын құбырлар қызыл кірпіштен жасалу қерек, құбырлар от ұшқын ұшырғыштармен қамтылуы тиіс;
- Шатырларда түтін өтетін арналардан барлық құбырлар мен қабырғалар сырлақ-сылау жұмыстары орындалуы керек;
- Өрт сөндіру стандарттары мен техникалық жағдайларға сәйкес емес металлдық пештерді орнату рұқсат етілмейді;
- Тұрғын үйлерде уақытша металлдан немесе басқа зауыттық өндірілген пештер өнеркәсіптің жобаланған, жылыту жүйелері талаптарына сай орнатылуы тиіс.
Пеш жылу жүйесін пайдалануда рұқсат етілмейді:
- Жану процессі жүретін пешті қараусыз қалдыру, пешті қадағалауды балаларға жүктеу;
- Отынды және басқа да жану заттары мен материалдарын жағу алдындағы материалға орналастыру;
- Пешке арналмаған көмір, кокс, газбен жағу.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі