
2021 жылғы 30 қаңтар, сағат 23.50 бастап Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) «Сарыөзек-Алтынемел-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» обылыстық маңызы бар автожолдың 0-ші мен 94-ші шақырымында барлық көліктерге жол жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі