Қар құсауынан 5 адам құтқарылды!

Қар құсауынан 5 адам құтқарылды!

  Өткен тәулікте Алматы облысы ТЖД күшімен адамдарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Авариялық-құтқару операциясы Сарқан ауданында Матай ауылынан 40 шақырым жерде жүргізілді, онда келіп түскен ақпаратқа сәйкес 27 қаңтарда сағат 17.40-та жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Автокөлік ішінде болған 5 азамат эвакуацияға мұқтаж болды.

  Жедел деректерге сәйкес, түнгі сағат 24.00-шамасында Алматы облысы ТЖД 4 қызметкері 1 бірлік техниканың көмегімен жоғарыда аталған аймақта қалған барлық азаматтарды Матай ауылына эвакуациялады, олардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

  Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде сақтық ережелерін сақтауды сұрайды! Алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысу, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізу, қысылтаяң жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. "Дәрмен" мобильді қосымшасы сізге жолдардың жабылуы және дауылды  ескерту туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 112.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі