Алматы облысы Төтенше жвғдайлар департаментінде "Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін!» марапаттады

Алматы облысы Төтенше жвғдайлар департаментінде  "Төтенше жағдайлардағы ерлігі үшін!» марапаттады

  Өртте адамдарды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі мен жанқиярлығы және қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, үшін "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төс белгілерімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хаттарымен және Алматы облысы Әкімінің құрмет грамоталарымен медицина қызметкерлері және Алматы облысының ТЖД қызметкерлері марапатталды.

  Марапатталғандар 2021 жылғы 14 қаңтарда Талдықорған қаласының көппәтерлі  тұрғын  үйіндегі  өрт  кезінде  өздерінің  ерліктерін  көрсетті. Өртті сөндіру бойынша жедел қабылданған шаралар барысында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жанып жатқан және қалың түтінделген пәтерден 4 адамды шығарды, оның ішінде ес-түссіз күйдегі екі бала, құтқарылғандар жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне берілді, медицина қызметкерлері өз кезегінде зардап шеккендерге жедел, әрі білікті алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамы мен медицина қызметкерлерінің кәсіби және шебер іс-әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер қаза болған жоқ.

  4 адамды құтқарғаны үшін, сондай-ақ өртті сөндіруді ұйымдастырғаны, уақытылы эвакуациялағаны және медициналық көмек көрсеткені үшін, ТЖД екі қызметкері "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен, жедел медициналық жәрдемнің төрт қызметкері және ТЖД екі қызметкері ҚР ТЖМ алғыс хаттарымен, ТЖД бір қызметкері Алматы облысы Әкімінің құрмет грамотасымен, ТЖД екі қызметкері Алматы облысы Әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ Алматы облысы ТЖД марапатталған қызметкерлеріне Алматы облысы Әкімінің атынан қол сағаттар табысталды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі