Қапшағай су қоймасында балықшыларды құтқару

Қапшағай су қоймасында балықшыларды құтқару

2021 жылғы 22 қаңтарда Алматы облысы ТЖД Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары патрульдеу кезінде жағалаудан үш шақырым жерде, дауылды ауа райында мұзда болған төрт мұз асты балық аулау әуесқойларына көмек көрсетті.

1956, 1976, 1977 және 1985 жылдары туған ер азаматтар (Қапшағай және Алматы қалаларынын тұрғындары) қатты желдің салдарынан жағаға орала алмады. Құтқарушылар "Славир-9У" Ауа жастықшасы бар кеме" арнайы техникасының көмегімен азаматтарды жағаға эвакуациялады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтарда Алматы облысы ТЖ Департаменті СМС хабарлама, "Дәрмен" мобильді қосымшасы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 22-23 қаңтарда Алматы облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз 22 және түнде 23 қаңтарда жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да күшті болатыны туралы дауылды ескертуі таратылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға, сақтық шараларын сақтауға, дауыл кезінде алыс жолға шықпауға және мұзға шықпауға шақырады.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі