Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

2021 жылғы 22 қаңтар, сағат 15.00 бастап Алматы облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлауы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну) «Алматы-Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» обылыстық маңызы бар автожолдың 0-ші мен 45-ші шақырымында және «Алматы-Өскемен а/ж – Қапал-Арасан шипажайы» автожолынан Көктөбе ауылына дейін 0-16 шақырымында қозғалыс барлық көліктерге жабылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі