Жұқа мұз - бұл үлкен қауіп

Жұқа мұз - бұл үлкен қауіп

Суық ауа райының басталуымен өзендер мен көлдер қата бастайды. Су қоймаларының жұқа мұз бетіне, төніп тұрған қауіпті елемей, балалар конькимен немесе шанамен сырғанауға шығады. Ересектерде жұқа мұздың қауіпті екендігіне аса мән бермейді. Олар жолды қысқарту мақсатында өзендердің, тоғандардың және көлдердің үстімен жүреді, дұрыс қатып үлгермеген мұздың салдарынан оқыс оқиға орын алып жатады.
Алғашқы мұз жамылғысы пайда болысымен су қоймаларында сырғанауға және оны өткел ретінде пайдаланбаған абзалырақ. Себебі жаңа қатқан жұқа мұз қатты болмайды, сондықтан автокөлік түгелі адам салмағын көтере алмайды. Мұз үстіндегі жағдайға немқұрайлы қарау жарақат алу, мұз астына түсіп кету, адамдар мен техниканың сең үстінде жағадан алыстап кету, адамдардың жаурап қалуы, сондай-ақ адам өлімі сияқты қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Мектептердегі барлық профилактикалық сабақтармен жұмыстардың жүргізілуіне қарамастан, негізінен қайғылы оқиғалардың алдын алу ата-аналарға байланысты Сол себептен ата- аналардың балаларға мұзға шығу қауіпті екендігін түсіндіру қажет. Қандайда бір ересек адам мұз бетінде ойнап жүрген балаларды көрсе, оқыс жағдайдың алдын алу мақсатында балаларды мұздан шығаруға міндетті.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі