
Алматы облысынның таулы аймақтарында орналасқан қар көшкіні қаупі бар учаскелердің жай-күйін кешенді бағалау мақсатында тексеру жүргізілді. Комиссия құрамында: Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары, «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқармасының филиалы басшысының орынбасары, ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығы және инженері, «Жетісу Алатау» тау жотасын ұшып өтті. Сондай ақ, ұшу барысында Аксу, Сарқан, Ескелді аудандарында сел қауіпі бар өзендер арналарының тексеруі жүргізілді.
Ұшу «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 Еврокоптер тікұшағымен теңіз деңгейінен 1200 ден 2800 метрге дейінгі биіктікте орындалды, ұшу мен қонуды ескере отырып ұшудың болжамды уақыты 2,5 сағат болды.
Аэровизуалды тексерістің қорытындысы: өзен бассейндері бойынша қауіпті учаскелер байқалмайды. Өзендер транзиттік режимде ағуда. Таудағы қар қоры өткен жылмен салыстырғанда тең немесе 10 см-ге кем, қардың биіктігі шамамен 20-40 см. (қардың ең аз мөлшері).
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі