18 қаңтарда Алматы облысы төтенше жағдайлар депортаментінде "Крещение Господне мерекесіндегі қауіпсіздік" тақырыбына брифинг өтті.
Брифингтің мақсаты - "Крещение Господне"мерекесінде қауіпсіздік шараларын сақтау.
Брифингтің спикері болып Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник И. Е. Жуков сөз сөйледі.
Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнінде православлиелік әлем «Крещения Господня» мейрамын атап өтеді. Сочельник және шоқындыру күнінде барлық православлиелік шіркеулерде суды Ұлы жарықтандыру рәсімі жүргізіледі. Ескі нанымға сәйкес, бұл күнде су кез-келген сырқаттардан айықтыру қабілетіне ие.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға түсу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Жарақтардан және үсуден аман болу үшін, дайындалмаған және жабдықталмаған орындарда суға түсуден тартынуға құтқарушылар табанды түрде кеңес береді, себебі тек қана білікті мамандар уақытылы алғашқы медициналық көмекті көрсете алады.
Судағы оқыс оқиғаларды болдырмас үшін, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті суға түсушілерге қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.
- тек қана арнайы жабдықталған ойықтарда, құтқарушылар, дәрігерлер және полицялардың қарауымен суға түсу қажет.
- өзіңіздің денсаулығыңызды және мүмкіндігіңізді бағалаңыз. Қысқы суға түсу бүйрек, жүрек-қан тамырлары ауруларымен азап шегетін, жоғары қан қысымы бар, қант диабетімен сырқатанған адамдарға және жүкті әйелдерге қарсы көрсетілген.
- шоқынатын суға түсер алдында, алкоголь ішімдігін тұтынбаңыз. Ашыққан түрде ойыққа сүңгуге болмайды, суға түсер алдында бір сағат бұрын тамақтануыңыз қажет.
- егер сіздің алдыңызда бірнеше адам тұрса, сабырлық және тыныштық танытыңыз. Жас балалары бар әйелдерді және қарт адамадарды алға өткізіп жіберіңіз.
- сүңгу алдында сәл жылыну қажет, ол үшін бірнеше рет отырып тұрып және иілуге болады.
- балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, кішкентай балаларды қолда ұстаңыздар.
- ойыққа түскен кезде сақ болыңыз. Баспалдақ бар болған кезде – сүйенгіштерге ұстап таяныңыз.
- егер сіздің ағзаңызға салқын тисе және сіз қалтырауды сезінсеңіз, дереу киіну немесе көрпемен жамылу қажет, ыстық тәтті сусынды (шай) қабылдау керек. Егер мүмкіндік болса, жылы бөлмеге өтіңіз.
- көңіл күйіңіздің күр нашарлауы кезінде - медицина жұмысшыларына, құтқарушыларға немесе полиция қызмекерлеріне барыңыз.
Брифингті өткізудің негізгі мақсаты: халыққа "Крещение Господня" мерекесінде, шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша талаптарды жеткізу болып табылады.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі