
Оқиға 2021 жылдың 16 қаңтарында Алматы облысы Кербұлақ ауданында, Республикалық маңызы бар "Сарыөзек-Көктал"автожолында болған.
Осы жолдың 15 және 40 шақырымындағы қатты желдің салдарынан қар құрсауы пайда болды, нәтижесінде жолаушылары бар автокөліктер қар құрсауында қалып қойды, Бұл туралы хабарлама Алматы облысының ТЖД-ға таңғы сағат 7.20-да келіп түсті.
Бірінші кезекте құтқарушылар жүктілігінің сегізінші айында әйелді борасыннан эвакуациялады, ол екі баласымен Алматы қаласына Тасыөзек ауылынан сапарға шыққан, әйел мен балаларды Сарыөзек кентіне туыстарына жеткізді. Содан кейін жағдайды бағалай отырып, ТЖД қызметкерлері автокөліктердің жиналуын болдырмау үшін жолдың осы учаскесінің екі жағына пост қою туралы шешім қабылдады. Жол қызметтерінің қызметкерлерін, әскери қызметшілерді және ЖАО-ны тарту арқылы автожолдарды тазалау және тұрып қалған автокөліктерді сүйрету жүргізілді, сағат 13.00-де 80 жолаушымен 30 бірлік техника өз бағыты бойынша қозғалысты жалғастырды, сағат 16.30-да жол қар құрсауынан тазартылды.
16 қаңтар күні сағат 10.00-ден бастап Республикалық маңызы бар "Сарыөзек-Көктал" автожолы 3-тен 80-ші шақырымына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан метеорологиялық жағдайлар нашар болған кезде алыс жолға шықпауды және 112 қызметінің келгег СМС хабарламаларын елемеуді сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруіңіз қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі