Қар көшкінінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында таудағы жүргізілетін ережелер

Қар көшкінінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында таудағы жүргізілетін ережелер

Ескелді ауданының  таулы аумақтарында адамдарды қар басуы ықтимал қар көшкіні орын алуы мүмкін Қора шатқалында 10 қауіпті ошағы орналасқан. Сондықтан Ескелді ауданынның тұрғындары және қонақтары келесі қауіпсіздік шараларын білу қажет.

Қар көшкіні – тау беткейлеріндегі қар және мұздықтардың қозғалуы, жылдам төмен қарай сырғуы. Олар адам өміріне қауіп төндіреді және табиғи қоршаған орта мен экономикаға шығын әкеледі.

Қар көшкіні елді – мекендерге, спорттық-демалыс кешендерге, темір жол және автокөлік жолдарына, электр тарату желілеріне және басқа да нысандар мен қауіпті аймақтарда орналасақан ғимараттарға жиі қауіп төндіреді.

Қар көшкінін қалыптастырушы факторлар:

Қар жамылғысының биіктігі;

Қар тығыздығы;

Қарқынды қар жауу;

Қар жамылғысының шөгуі;

Қар жамылғысының және ауа температурасының өзгеру режимі;

Қарлы бораннан пайда болған қар жамылғысы.

Қар көшкінінінің жүруі жауын – шашынның болуынан, ауа райының жылынуы әсерінен қардың қарқынды еруінен, күн радиациясының және қайта кристалдану процестерінен, қардың қалыңдығы және жұмсақ мардымсыз жеке қабаттарының қиратушы күшінің салдарынан болуы мүмкін.

Қар көшкінінің қалыптасуы қар көшкінінің қозғалатын беткей аймағының етегі болып келетін, қар көшкіні ошағында пайда болады

Республикамызда қар көшкіні қауіпті кезең желтоқсан айынан сәуір айы аралығында жүреді.

Қар көшкінінің жиі жүру себебі- қарқынды қар жауу, сондай-ақ жылымық және көктемгі қар еруі мен адамның және жануарлардың әсерінен де болады.

Қорғау іс-шаралары ретінде бұл аумақтарды қар көшкінінің қауіптілігіне болжам жасау қолданылады

Қар көшкіні қауіпті кезеңде халық және автокөліктерді қар көшкінінен дәл уақытта қорғау үшін шектеулер қойылады.

Қар көшкіні қауіпті кезеңінде қауіпті аймақтарда жүруге болмайды,  кейбір жағдайларда рұқсат етілмейді немесе болокпосттармен тыйым салынады.

Қажеттілікке байланысты қар көшкінін алдын – ала  түсіру жарылыс жұмыстарының көмегімен жүргізіледі.

Қар көшкінінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инженерлік қорғау ғимараттарының құрылыстары қарастырылған (қар көшкінінен қорғайтын торлар, қалқандар, галереялар, қабырғалар және т,б,) қауіпі жайында сигналдар бөйынша өзіңізбен құжаттар мен құнды заттарды алып, алдын ала белгіленген маршрут бойынша қауіпсіз жерге көшуді жүзеге асырыңыз. Қозғалыс маршруты және жинақталу пункті ТЖ бойынша аудандық бөлімдерде және тұрғылықты жер бойынша ЖПК-да тіркелуі керек.

Әрбір адам өздігінше нақты шараларды жасай білу керек, оның ішінде:

Жедел медициналық көмек, өрт сөндіру апаттық қызметтер, жеке меншік пәтерлер коперативі, ТЖ бойынша басқарма кезекшілігі, ТЖ бойынша аудан бөлімінің телефондары, және мекен жайлары туралы ақпаратты;
Апат болған аймақтың ішінде, сондай – ақ апаттан соң, отбасы мен көршілердің бірге әрекет жасау жоспарын жасуада жақын таныс – туыстардың фамилияларын, мекен- жайларын, телефондарын білу, әрбір отбасы мүшесі үйге қайту мүмкіндігі болмаған жағдайда, қайда бару керектігін білу қажет.

ЕСКЕРТУ!

Құзырлы органдардың ескертілген ақпараттарын елемей қалмаңыз.
Таулы аймақтардың жағдайы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарларды үнемі бақылаңыз.

Қар көшкіні қауіпті жерлерде демалуға тоқтамаңыз.

Қар көшкіні қауіпті жерлерде жүргенде өте мұқият болыңыз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі