Тұрғын үйдегі өртті алдын алайық

Тұрғын үйдегі өртті алдын алайық

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің талдау нәтижесіне сәйкес 2021 жылдың алғашқы он күндігінде Алматы облысының кейбір аудандарында аумағында өрт оқиғасы жиілегені байқалады, олардың материалдық шығыны бірнеше миллион теңгеден асатып жығылады.

 Туындаған өрт жағдайлардың басым көпшілігі күннің қатты суытуы салдарынан тұрғындар жылыту пештерін шамадан тыс жағып, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау және жылыту пешінің құрылысы дұрыс болмауынан орын алуда.

Аудан және қала тұрғындары мен қонақтарына тұрғын үйдегі төменде көрсетілген өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға  Алматы облысы ТЖ департаменті кеңес береді.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

      1) от жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

      2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;

      3) қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

      4) көмірге, коксқа және газға арналмаған пештерді осы отын түрлерімен жағуға;

      5) үй-жайларда жиналыстар мен басқа да көпшілік іс-шаралар өткізу уақытында пештерді жағуға;

      6) пештерді шамадан тыс қыздыруға;

      7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киімді, киімді, ағашты) пештер мен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

      8) ысырмаларды (жаппаларды) жобалау нормаларында көзделген ойықтарсыз қолдануға;

      9) желдету және газ арналарын түтіндіктер ретінде қолдануға;

      10) ақаулары, сызаттары мен саңылаулары бар пештерді жағуға жол берілмейді.

     11) Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықты пештердің оттықтарының саңылауларына дейін кемінде 1,25 м және пештердің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін кемінде 0,7 м қашықтықта орналастыруға жол берілмейді.

     12)  Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылу беру маусымының алдында, сондай-ақ жылу беру маусымы ішінде кемінде:

       1) үш айда бір рет – жылыту пештері үшін;

       2) екі айда бір рет – үздіксіз от жағылатын пештер мен ошақтар үшін тазартылады. Түтін арналары өтетін шатырларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі.

          Өрт себептерінің туындауына көрсетілген ережелер мен өрт қауіпсіздік талаптары сақталмауы болған жағдайда мемлекеттік өртті бақылау инспекторлары тарапынан  жауапты тұлғаға  Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодекісінің 410 бабына сәйкес әкімшілік жаза қолданылатын болады.

 

Алматы облысы ТЖД Баспасөз қызметі