
Ескелді ауданының ғибадат объектілерінде «Рождество» мерекесі қарсаңында нұсқаулық өткізілді.
Ескелді ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Рождество» мерекесі қарсаңында Қарабұлақ ауылында орналасқан православие шіркеуінде 06.01.2021 жылы жауапты тұлғаларға қол қойғызып, ұсынымдар бере отырып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық өткізді. Сондай-ақ, шіркеулер мен діни заттарды сату орындарына өрт-профилактикалық тексеру жүргізілді.
Рождествоны мерекелеу кезеңінде ғибадат объектілерінде өрттерді, адамдардың жарақаттануы мен өлімін болдырмау мақсатында төменде көрсетілген өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды сұраймыз:
- Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнатылады.
- Салттар мен ырымдарды жүргізу үшін ашық от көздерін одан аз қашықтықта пайдалануға жол берілмейді:
1)жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған көлденең қоршау конструкцияларынан 0,7 метр.
2) жану тобы Г1-Г4 материалдардан жасалған тік қоршау конструкцияларынан 0,5 метр.
3) басқа жанғыш материалдардан 0,5 метр.
- Зауытта жасалмаған және өндірушінің паспорты жоқ шамдарды пайдалануға жол берілмейді.
- Шыны колбалары зақымданған ашық от қолданылатын шамдарды пайдалануға, сондай-ақ оларды толтыру кезінде тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға жол берілмейді.
- Лампадаларға, шырақтарға және ұқсас аспаптарға май құюға арналған жанғыш сұйықтықтарды сақтау сыйымдылығы 2 литрден аспайтын жабық сынбайтын ыдыста металл шкафтарда жүзеге асырылады.
- Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды құю конструкциясында ернеулері көзделетін жанбайтын материалдан жасалған тұғырықтағы сынбайтын сыйымдылықтан жүзеге асырылады. Лампадалар мен шамдарды толтырғаннан кейін сыйымдылықтың Тұғыры мен сыртқы беті жанбайтын техникалық жуу құралдарының көмегімен төгілген жанғыш сұйықтықтың қалдықтарынан тазартылады.
- Лампадалар мен шамдарға жанғыш сұйықтықтарды құю тек тұтану көздері болмаған кезде, ал электрмен жылыту аспаптары қосылған кезде олардан кемінде 1 метр қашықтықта жүзеге асырылады.
- Пештерді жағу салттар мен ырымдарды жүргізу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей аяқталады.
- Ғибадат үйлерінде отпен жүргізілетін жұмыстарды (пеш жағу, дәнекерлеу жұмыстары және отпен жүргізілетін жұмыстардың басқа да түрлері), салттар мен ырымдарды жүргізу кезеңінде жанғыш сұйықтықтарды толтырып құюға жол берілмейді.
Сіздің учаскеңізде Қазақстан Республикасының ӨҚБ талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұзу нәтижесінде өрт туындаған жағдайда, сіз Қазақстан Республикасының белгіленген Заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартыласыз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі