Алматы облысының автожолдарында қозғалысты шектеу туралы ақпарат

Алматы облысының автожолдарында қозғалысты шектеу туралы ақпарат

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -35 С дейін төмендеуі) 2021 жылғы 6 қаңтар сағат 18.00-ден "Алматы - Өскемен" Республикалық маңызы бар автожолының 558-ден 615-ке дейінгі шақырымында (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы) қоғамдық автокөлік пен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін қозғалыс уақытша шектелді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі