
Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК-ның 2021 жылғы 3 қаңтардағы дауылды ескертуі негізінде Алматы облысының солтүстігінде түнде 4 қаңтарда ауа температурасының 30 градусқа дейін аяз күтілетінін ескертеді, кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі