Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 30 желтоқсандағы Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л.Тұрлашовтың төрағалығымен комиссия отырысы өтті.
Отырыста бір мәселе қаралды: Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссиясының 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылғы міндеттері туралы.
Бірінші мәселе бойынша баяндамашы ретінде Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник И.Е. Жуков сөз сөйледі. Өз сөзінде ол 2020 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және 2021 жылғы міндеттері туралы тоқталып өтті.
Жалпы Алматы облысы ТЖД құзіретті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қысқы кезеңде республикалық, облыстық, автомобиль және теміржол жолдарын, көпірлерді, инженерлік және басқа да коммуникацияларды уақтылы тазартуды қамтамасыз ету шаралары бойынша тапсырмалар берілді және облыс аумағындағы қысқы кезең қатты аяздарымен, борандары күтілуде, осыған байланысты:
- кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бірлесіп жылу беру кезеңінде тіршілікті қамтамасыз ету, білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етілсін. Авариялар туындаған жағдайда жөндеу жұмыстарын жедел жүргізу бойынша түбегейлі шаралар қабылдансын.
- тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік мақсаттағы объектілерге, тұрғын үйлерге және сумен қамтамасыз ету көздеріне жолдар мен кірме жолдарды қардан уақтылы тазартуды қамтамасыз ету, және көктайғаққа қарсы іс-шаралар жүргізілсін.
Қысқы кезеңде жедел жағдай шиеленіскен кезде қар жинайтын техниканың үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілсін.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия шешім қабылдап, мүдделі облыстық қызметтерге, аудан, қала әкімдеріне орындау мерзімдерін белгілей отырып, нақты 15 тапсырма берілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі