Алматы облысының құтқарушылары әуесқой балықшыны құтқарды

Алматы облысының құтқарушылары әуесқой балықшыны құтқарды

Анықталғандай, екі ер адам 28 желтоқсанда "Уаз" автокөлігімен Аягөз өзенінің сағасынан Балқаш көліне қысқы балық аулауға аттанған. Мұз үстімен шамамен 5 шақырым жүріп өткен автокөлік, көлде пайда болған мұз жарығына құлады, машинаның алдыңғы бөлігі батып кетті. Бұл учаскеде ұялы байланыс болмағандықтан, ер адамдардың бірі, 1989 жылы туған азамат көмекке жаяу аттанды.
Көмек көрсету қажеттілігі туралы хабарлама Алматы облысы ТЖД-не 29 желтоқсан күні сағат 09.22-де келіп түсті, шақыру орнына 1989 жылы туған ер адаммен бірге Сарқан ауданының Лепсі ауылынан ТЖД құтқарушылары аттанды. Оқиға орнына келген бойда мұздың тарағаны және көліктің батып кеткені, сонымен қатар көліктің жанында қалған 1979 ж.т. азамат оқиға орнында болмағаны анықталды. Құтқарушылар ер адамды іздеуге кірісіп және оны үш сағаттан кейін аман есен тапты.

                                                          Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі