"Алматы-Өскемен" автожолынан 37 адам эвакуацияланды

"Алматы-Өскемен" автожолынан 37 адам эвакуацияланды

2020 жылдың 29 желтоқсанында, кешке "Алматы-Өскемен" автожолының 414 шақырымында "Алматы-Ұржар" бағыты бойынша жолаушылары бар "Setra" маркалы автобус сынып қалды.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен Урал "Вахтовка" автокөлігімен, автобус салонынан Сарқан қаласына 37 жолаушы (барлығы ересектер) эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Шақырту орнына Алматы облысының ТЖД (4 қызметкер және 2 бірлік техника), Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), Сарқан қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік) шықты.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі