
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті мұз үстінде жүріс қағидаларын ескертеді:
-Тәуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде(тұман, қар жауу, жаңбыр) және алкогольдік мастану күйінде мұзға шығуға болмайды.\
-Мұздың беріктігн аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
-Су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықта (5-6 м.) сақтау қажет.
-Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасауға болмайды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін, балықшының құтқару кеудешесі немесе төм кеудешесі, сондай ақ ұзындығы 15-20 метр, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 грамм жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.
-Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп өткен жолыңызбен жағаға тқайта оралу керек.
-Мұздай суға түскен аадам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып калуы, ал 20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін екенін білу қажет.
Мұздың бріктігін көзбен анықтауға болады:
-Көк түсті мұз- берік.
-Ақ түсті- беріктігі 2 асе аз.
-Мұр және күңгірт –ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімді емес.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі