Жолды жабу туралы ақпарат.

Жолды жабу туралы ақпарат.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2020 жылдың 28 желтоқсанында сағат 11.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) "Үшарал - Достық" Республикалық маңызы бар автожолында (Көктұма-Достық 84-184 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі