Алматы облысының автожолдарында қозғалысты шектеу туралы ақпарат

Алматы облысының автожолдарында қозғалысты шектеу туралы ақпарат

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -35 С дейін төмендеуі) 2020 жылғы 27 желтоқсан сағат 19.00-ден 2020 жылғы 28 желтоқсан сағат 09.00-ге дейін "Алматы - Өскемен" Республикалық маңызы бар автожолында 558-ден 615-ке дейінгі шақырымы (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы) қоғамдық автокөлік пен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін қозғалыс шектелді.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

                                   Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі