Талғар ауданында "Қауіпсіз Жаңа жыл!" акциясы өткізілді

Талғар ауданында "Қауіпсіз Жаңа жыл!" акциясы өткізілді

Жаңа жыл-балалар мен ересектердің көптен күткен және сүйікті мерекесі. Бірақ мерекелік көңіл көтеру кезінде де қауіпсіздік туралы ұмытпаңыздар. Жаңа жылдық мерекелер өрттермен және басқа да төтенше жағдайлармен мұңайландырып қалмас үшін, Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері "Қауіпсіз Жаңа жыл!" акциясын Талғар қаласындағы орталық базарда және автостанцияда өткізді. Акцияны өткізу үшін аудандық "Жас Отан" жастар қанатының еріктілері жұмылдырылды. ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі С.Б. Худайбердиевтің қатысуымен қоғамдық қабылдау ашылып, қала тұрғындарына өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша жеке кеңес берілді. Талғар қ.2-МӨСБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратты. "Жас Отан" еріктілері Аяз Ата мен Ақшақардың костюмдерін киіп, қала тұрғындарын құттықтап, жаңа жылдық мерекелерді тойлау кезінде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шараларына, сондай-ақ қысқы кезендегі қауіпсіздікті, жылыту кезеңіндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша тұрғындардың назарын аударды және жадынамалар, брошюралар мен кәмпиттер таратты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі