
Жаңа жыл - балалар мен көптеген ересектердің ең сүйікті мерекелерінің бірі. Бірақ мерекелік көңіл көтеру кезінде де қауіпсіздік туралы ұмытпаңыз. Өйткені, айтадығой қалай Жаңа жылды кездестіресін, солай оңы өткезісін деп. Ешкім де петарданың кесірінен ауруханада болғысы немесе бенгал отынан жанып кеткен пәтерге өрт сөндірушілерді шақырғысы келмейді. Осы акцияның мақсаты - жаңа жылдық мереке күндері өрт пен жазатайым оқиғаларды барынша азайту үшін.
Талдықорған қаласында жаңа жылдық мерекелер қарсаңында «Қауіпсіз Жаңа жыл!» профилактикалық акцияссы өтті. Аяз ата-құтқарушы мен оның немересі Ақшақар сатып алушылар мен базар сатушыларына пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз қолдану талаптары, оларды сатып алу және сақтау ережелері туралы еске салды. Сонымен қатар ертегі кейіпкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, «Қауіпсіз Жаңа жыл!» тілеуді ұмытпады! Сондай-ақ, көп балалы отбасыларға ТЖМ-нің «қауіпсіз сыйлықтарын», тәттілер салынған құлақшалар және өрт қауіпсіздігі бойынша қызықты кітапшалар табыс етілді.
Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Қауіпсіз Жаңа жыл!» қала орталығында, атап айтқанда «арбатта» қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Жаңа жыл қарсаңында Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік кезеңдегі қауіпсіздік негіздерін: шыршаны қалай дұрыс орнату және оны безендіру, пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде қандай шараларды сақтау қажет, өрт және басқа да күтпеген жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін еске салды. Аяз ата-құтқарушы құтқарушы мен оның немересі Ақшақар барлығының назарын аударды және шынайы қызығушылық тудырды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі