
Алматы облысы Сарқан ауданы аумағында жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау бойынша жаңа жылдық рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.
Сарқан ауданы ТЖБ мен Полиция бөлімі қызметкерлері Сарқан қаласының аумағында орналасқан базарлардың аумағында пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
2020 жылғы 25 желтоқсанда рейдтер барысында тұрғындар арасында пиротехникалық құралдарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық іс-шаралармен сауда орындары қамтылды, сатушылармен нұсқаулықтар ұйымдастырылды, пиротехникалық бұйымдар, сәйкестік сертификаттары, өрт сөндіргіштердің жарамдылығы тексерілді. Рейд барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бүгінгі күні 10 рейд жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 112 нұсқаулық өткізілді, 150 профилактикалық жадынама берілді.
Естеріңізге сала кетейік, пиротехниканы лицензия болған жағдайда ғана сатуға болады, әйтпесе ҚР ӘҚБтК-нің «тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалады. Материал қарау үшін әкімшілік сотқа жіберіледі.
Мұндай құқық бұзушылық үшін 25 АЕК, яғни 69 450 теңге айыппұл қарастырылған. Азаматтар арасында жарақаттану фактілерін болдырмау үшін Сарқан ауданының төтенше жағдайлар бөлімі пиротехникалық өнімді міндетті түрде пиротехникалық өнімге лицензия мен сертификат бере отырып, оны сату үшін арнайы бөлінген орындарда ғана сатып алуды ұсынады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі