Алматы облысында адасып кеткен шопан табылды.

Алматы облысында адасып кеткен шопан табылды.

2020 жылғы 22 желтоқсанда сағат 16.50-де Алматы облысы ТЖД-ға Алматы облысы Сарқан ауданы, Мұқан ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының қыстағының бірінің шопаны (1988 жылы туған) мал жаюға шығып адасып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖД және полиция қызметкерлерінен 16 адам және 6 бірлік техникадан 3 іздестіру тобы жіберілді. Құтқарушылар орналасқан жерден іздеуді ұйымдастыру орнына дейінгі қашықтық 70 шақырымды құрады.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, шаруа қожалығының жетекшісі шақырылды, ол жоғалған шопанның мүмкін болатын орнын картаға үйлестіруге көмектесті.

Қабылданған шаралармен сағат 22.45-те іздеу тобы шопанды тапты, медициналық көмек қажет емес еді.

Құтқарушылар құтқарылған адамға ыстық ішу, тамақтандыру және жылытуды ұйымдастырды.

 

 

                                    Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі