
"Алматы облысының Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» автожолының 110 шақырымында Ырғайты өзенінің маңында «ГАЗ-66» автокөлігі бұзылғаны және оның жолаушылары үшін эвакуация қажет" - деген хабарлама Алматы облысының құтқарушыларына 22 желтоқсан күні келіп түсті.
Облыстық ТЖД Алакөл өңірінің Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының күшімен (3 қызметкер және 1 бірлік вахтовка техникасы) шығу жүзеге асырылды және аталған автокөліктен 6 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланғандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ және медициналық көмекке мұқтаж емес.
Алматы облысының ТЖД алыс жолға шығар алдында кеңес береді:
- автокөліктің техникалық жағдайын тексеру;
- ауа райы болжамымен танысу;
- төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алу.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі