
2020 жылғы 21 желтоқсанда сағат 15.03-те Алматы облысы ТЖД-не
Панфилов ауданының Жаркент қаласында "Дана Бала" жеке меншік балабақшасының аумағында жеке тұрған асхана шатырының жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Қабылданған шаралармен өрт 15 сағат 23 минутта ауыздықталып, 15 сағат 42 минутта толығымен сөндірілді, өрттің көлемі 90 ш.м. құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерін ТЖ кезіндегі іс-әрекеттерге тұрақты үйретудің арқасында, өрт сөндіру қызметкерлері келгенге дейін балаларды балабақша қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарды, қазіргі уақытта барлық балалар үйлеріне тарады.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.Өрттің себебі анықталуда. Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жіберілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі