
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облысы бойынша филиалының және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 2020 жылғы 21 желтоқсан 07.00 сағаттан бастап ШҚО жолдардын жабылғанына байланысты (қар, боран, көріну жағдайы қиындауына) «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолдың 588-ші мен 615-ші шақырымы барлық көліктерге жабылды (Ұшарал қ. мен ШҚО шекарасы арасы).
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі