Алматы облысының Қапшағай қаласындағы өрт фактісі бойынша ақпарат.

Алматы облысының Қапшағай қаласындағы  өрт фактісі бойынша ақпарат.

2020 жылғы 20 желтоқсанда сағат 13.10-да Алматы облысы ТЖД-ға Қапшағай қаласының Жұлдыз шағын аудандағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу Қапшағай қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері (7 қызметкер және 2 бірлік техника, (бір автоцистерна және автосаты) және Қапшағай өңірінің Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары (4 құтқарушы 1 бірлік техника) жіберілді.

Шақыру орнына келгеннен кейін жоғарыда аталған мекенжай бойынша көп пәтерлі тұрғын үйде, пәтерлердің бірінің асүй үй-жайында асүй жиһазы жанғаны анықталды.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері бес қабатты тұрғын үйден 30 адамды (оның ішінде 17-ересектер, 13-балалар) эвакуациялады. Сондай-ақ өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 25 литр газ баллонын алып шықты.

Өрт дер кезінде сағат 13.26-да, 4 шаршы метр алаңда сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі электр құралдарын пайдалану кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылады.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:

- бұзылған тұрмыстық электр аспаптарын, ескірген немесе ақаулы электр сымдарын, қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарын пайдаланбауға;

- электр желісінің артық жүктелуіне жол бермеу;

- дайындалып жатқан тағамды қараусыз қалдырмауға;

- отты пайдалану кезінде, әсіресе мас күйінде немқұрайдылық танытпауға;

- төсекте жатып темекі шегуге, темекі тұқылын шашуға;

- тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі