
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облысы бойынша филиалының және «Казахавтодор» ЖШС Алматы облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 2020 жылғы 18 желтоқсан 13.00 сағаттан бастап ауа-райына (қатты боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Ұшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 84-ші мен 184-ші шақырымы барлық көліктерге жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі