
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу шеңберінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінде карантиндік шараларды сақтай отырып, бейнебайланыс режимінде салтанатты жиын өткізілді, онда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті аппаратының, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильиннің құттықтауын жеткізді. А.Т. Тойшыбеков сондай-ақ тәуелсіздік жылдары республика бірқатар экономикалық және саяси реформалардан өткенін атап өтті.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты салтанатты жиында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамоталарымен, алғыс хаттарымен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің грамоталарымен марапаттады, сондай-ақ, басшы құрамының арнайы атақтарын мерзімінен бұрын алуы туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығын жеткізді.
Салтанатты жиын мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінде 25 жылдан аса қызмет атқарған, 5 қызметкерді зейнетке шығарып салумен жалғасты.
Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған деректі фильм көрсетілді.
Департаменттің аумақтық бөлімшелерінде сонымен қатар карантиндік шараларды сақтай отырып азаматтық қорғау органдарының қатарына жаңадан кіргендердің ант қабылдауы бойынша іс-шаралар өткізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі