
Алматы облысы филиалының РМК Қазақавтожол және ОФ ЖШС «Казахавтодор» хабарлауы бойынша 12.12.2020 ж. 10-15 тан бастап ауа-райына (қатты боран, көріну жағдайы қиындауына) байланысты «Ұшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолдың 83-ші мен 184-ші шақырымында барлық көліктерге жабылды.
Сонымен қатар желтоқсанның 2020 жылдың 12 жұлдызында 11-00 ден бастап ауа-райына (көк тайғақ, тұман) байланысты «Алматы-Шелек-Хоргос» Республикалық маңызы бар ақылы автомобилді жолының 25-ші мен 110-ші шақырымы барлық көліктерге жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі