
"Еріктілер жылы" аясында азаматтық қорғау органдары мен волонтерлік ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Талғар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "Жетісу" телеарнасы тілшілерінің қатысуымен волонтерлік ұйымдармен жұмыс кездесуін өткізу кезінде "LIDER.KZ волонтерлік қозғалыс" қоғамдық бірлестігімен және аудандық "Jas Otan" Жастар қанатымен өзара іс-қимыл меморандумына қол қойылды және дөңгелек үстел өткізілді. Талғар аудандық ТЖБ бастығы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Ғазизұлы Абдықапаров кіріспе сөз сөйледі. Іс-шара барысында 2020 жылы волонтерлік ұйымдармен бірлескен жұмыстың қорытындылары шығарылып, негізгі іс-шаралар атап өтілді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуде өзара іс-қимыл жасау үшін бағыт таңдалды. Бұдан әрі волонтерлер үшін пешпен жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын халыққа жеткізу, халықтың улы газбен улануының алдын алу және жоспарланған акцияларды өткізу үшін өрт қауіпсіздігінің басқа да мәселелері бойынша оқыту-нұсқама өткізілді. Сондай-ақ, 2021 жылға арналған бірлескен жобалар талқыланып, жоспарланған.
Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі