
Өзендерде қысқы кезеңде жыл сайын айтарлықтай зиян келтіретін, ал жекелеген жағдайларда адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін анжыр өтеді. Анжыр дегеніміз - жер бетіне қалқып шығатын немесе ағынға терең енетін су ішіндегі мұз, анжыр су ағынының бетінде және ішінде қозғалу күйінде немесе қозғалмайтын күйде болады. Анжыр мұздың алдында, сондай-ақ қыста өзендердің қатып қалмайтын бос жерлерінде пайда болады.
Мұз кептелісі ағынына, төменгі мұз, құм, жеке тастар қатысуы мүмкін.
Алматы облысы ТЖ департаменті анжыр туындаған жағдайдағы қауіпсіздік ережелерін ұсынады:
* Өзен арнасының жағдайын, мұз құбылыстарын үнемі бақылап отырыңыз.
* Балаларға өзен арналарының жанында болуға және ойнауға рұқсат бермеңіз.
* Адамдар тобын ұйымдастырмаңыз.
* Қауіпті кезеңде өзен арнасынан өту кезінде абай болыңыз, өзеннің жоғарғы ағысына назар аударыңыз. Өзеннен тез өту керек.
* Өзен арнасының жанында тоқтамаңыз.
* Су тасқыны белгілері анықталған кезде дереу арнадан мүмкіндігінше алыстаңыз.
* Ауыл арналарының, су тасқыны қаупі бар өзендердің жанында тұратын және жұмыс істейтін халыққа құзыретті органдардың тиісті хабарламаларын мұқият тыңдаулары қажет.
Өзен арнасына жақын жерде барлық сақтық шараларын сақтаңыз!
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда келесі телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
112 және 101.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі