2020-2021 жылдарға арналған интерактивті сабақтарды өткізу жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 10 желтоқсанында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің филиалының қызметкерлерімен бірлесіп Алматы облысы Ақпараттық технологиялар орталығы ғимаратында «ONLINE» режимінде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен кезекші сынып оқушыларымен сабақ өткізді.
Сабақ барысында қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары мен талаптарының, атап айтқанда пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану ережелері және мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері жеткізілді және ашылды. Сондай-ақ, табиғи сипаттағы төтенше жағдай бойынша Алматы облысының қар көшкінінің ықтимал қаупі туралы толығырақ айтылдылды.
Аталған сабақта тыңдаушылар қысқы кезеңдегі мұздағы қауіпсіздік тақырыбына қызығушылық танытты, төтенше жағдайлардың осы түрімен оқушылар тарапынан мұздағы қауіпсіздік шаралары мен жүріс-тұрыс ережелері туралы сұрақтар қойылды, оларға Департамент қызметкерлері толыққанды жауаптар берді.
Сабаққа барлығы 74 жалпы білім беру мектептерін қамтумен 700-ден астам адам қатысты.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі