Талғар ауданында «Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.

Талғар ауданында «Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік» акциясы өткізілуде.

Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлері қысқы кезеңде алдын алу іс-шараларын өткізу шеңберінде "Ақбұлақ" спорттық сауықтыру кешенінде "Қазселденқорғау" Талғар пайдалану учаскесі өкілдерінің және кешеннің 15 адамның қатысуымен "Жетісу" телеарнасы тілшілерінің қатысуымен "Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік" акциясын ұйымдастырды. Көшкін түсу кезінде халықтың қауіпсіздігін оқыту, зардап шеккендерге көмек көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ қысқы кезеңдегі қауіпсіздік, "Талғар", "Қотырбұлақ" өзендерінде жұқа мұздың пайда болу кезіндегі қауіпсіздік және т.б., көктайғақтағы жолдардағы қауіпсіздік бойынша іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар, "Дәрмен" мобильді қосымшасы туралы хабарланды, ол арқылы халыққа төтенше жағдайдың қаупі мен туындауы туралы жедел ақпарат беріледі. 

Сонымен қатар төтенше жағдайлар кезіндегі өзекті мәселелердің соңғы деректері: ресми статистика, сейсмикалық ақпараттандыру, дауылды ескерту. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

Алматы облысының баспасоз қызметі