Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Іле ауданы Боралдай кентінің әуежайында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Іле ауданы Боралдай кентінің әуежайында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.

2020 жылға арналған Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің жеке құрамын тактикалық-арнайы даярлаудың жоспар-кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың шарты бойынша Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кенті әуежайының қону жолағында ұшақтың авариялық қонуы кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Осы оқу-жаттығудың мақсаты: шартты өртті сөндіру кезінде өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объектінің қызмет көрсетуші персоналымен өзара іс-қимылын пысықтау; күштер мен құралдарды шоғырландыру мен өрістетудің нақты уақытын айқындау; әуе кемесінен адамдарды құтқару бойынша іс-қимылды пысықтау болып табылады; өрт сөндірудің бірінші басшысын өрт жағдайын бағалауда жаттықтыру және шешуші бағытты дұрыс таңдау, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамын нақты жағдайға жақын шұғыл жағдайларда жедел-тактикалық міндеттерді және өрт сөндіру кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын орындау бойынша жаттықтыру.

Жоғарыда аталған өрт-тактикалық оқу-жаттығу жүргізу барысында басшы құрамның тактикалық шеберлік деңгейін арттыруға, жедел-тактикалық сипаттамаларды, өрттерді сөндіру тактикасын зерделеуге және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылды.
Алматы облысы ТЖД-нан оқу-жаттығуларға 13 бірлік техника және жеке құрамнан 32 адам жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу соңында қорытынды жасалды, барлық қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.



                      Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі