Жұқа мұздағы жазатайым оқиға туралы ақпарат

Жұқа мұздағы жазатайым оқиға туралы ақпарат

2020 жылдың 5 желтоқсанында сағат 13.32-де Алматы облысы ТЖД-не Алматы облысы Іле ауданы Түймебаев ауылында үлкендердің қарауынсыз қалып, өздерінің абайсыздығынан Кіші Алматы өзенінде жұқа мұздың астына түсіп, 2014 және 2016 жылдары туылған екі баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қайтыс болғандардың денелері туыстарымен табылып, судан шығарылды.
Алматы облысының ТЖД ата-аналардан балаларды су манында үлкендердің қарауынсыз қалдырмауды сұрайды. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағы үшін жеткіліксіз, осыған байланысты азаматтардан жұқа мұзға шықпауды сұраймыз.

Мұз үстіндегі жүріс-тұрыс қағидалары және қауіпсіздік шаралары
*Жұқа және қатпаған мұзға шығуға болмайды.
*Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге болмайды.
*Тәуліктің қараңғы уақытында, көруге мүмкіншілік нашар кезде (тұман, қар жауу, жаңбыр) және алкогольдік мастану күйінде мұзға шығуға болмайды.
* Өзен арқылы өту кезінде жабдықталған мұз өткелдерін пайдалану керек.
* Су қоймасын топпен өту кезінде бір-бірінен арақашықтықты (5-6 м) сақтау қажет.
* Қатып қалған өзенді (көлді) шаңғымен өткен жөн, қажет болған жағдайда оларды тез шешу үшін шаңғылардың бекітпелерін ағыту керек; шаңғы таяқшаларын қолдың білезік буынына ілмекті ілмей ұстап, қауіп төнген жағдайда оларды бірден тастау керек.

* Мұзда балық аулау кезінде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта шұңқыр жасау қажет. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін, балықшының құтқару кеудешесі немесе төс кеудешесі, сондай-ақ ұзындығы 15-20 м, бір ұшында ілмегі бар және екіншісінде 400-500 г жүгі бар арқан болуы тиіс. Жүк арқанды суға құлап кеткен жолаушыға лақтыруға көмектеседі.

* Жұқа, шытынаған мұз бетінде қалсаңыз, абайлап кері бұрылып, сырғымалы қадамдармен жүріп өткен жолыңызбен жағаға қайта оралу керек.
* Мұздай суға түскен адам 10-15 минуттан кейін қатты тоңып қалуы, ал 20 минуттан кейін есін жоғалтуы мүмкін екенін білу қажет.
Мұздың беріктігін көзбен анықтауға болады:
1. Көк түсті мұз – берік;

  1. Ақ түсті – беріктігі 2 есе аз;
  2. Мұр және күңгірт-ақ немесе сарғыш түсті мұз сенімді емес.

                                      Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі