«Улы газдан сақтан! Жақсы істер тізбегі» акциясы

«Улы газдан сақтан! Жақсы істер тізбегі» акциясы

Тұрғын үй секторындағы өрттерді азайту, 2020-2021 жж. жылыту кезеңінде адамдардың жарақаттануы мен қаза болуын азайту мақсатында Талдықорған қаласының аумағында пешті, газ жабдығын және электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын халыққа түсіндіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1-30 қараша аралығында «Улы газдан сақтан! Жақсы істер тізбегі» акциясы жарияланған болатын.
Акция барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын екі отбасына көмек көрсетілді. Мерекелік саяжай қоғамында тұратын, бірінші көп балалы отбасына (8 бала) бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен көмек көрсетілді, сондай-ақ қатты отынмен жанатын пешке жөндеу жүргізілді. Сол саяжай қоғамында тұратын көру қабілетінен айырылған екінші мүгедек отбасына 1 тонна көмір сатып алуға, сондай-ақ үйдің ауласынан қарды тазартуға көмек көрсетілді және бірінші қажеттіліктегі азық-түлік сатып алынды.

Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді! Өртті болдырмау үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

- жатын орында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын балконнан лақтырмаңыздар;

- көп қуатты электр құралдарын бір тоқ көзіне бір уақытта қоспаңыздар;

- зақымданған электр сымдар жүйесін пайдаланбаңыздар;

- қолдан жасалған тоқ тасымалдағыштарды пайдаланбаңыздар;

- киім-кешекті газдың және электр плиталардың үстінде кептірмеңіздер;

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіздер;

- пештегі тамақты қараусыз қалдырмаңыздар;

- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеуден өткізіңіздер;

- мұржаларды күл-қоқыстан айына кемінде 1 рет тазартып тұрыңыздар;

- жанар-жағар майды от тұтатуға пайдаланбаңыздар;

- жанып жатқан пеш пен электр жылыту құралдарын қараусыз қалдырмаңыздар;

- газ баллонды ауыстырғанда баллонның редуктормен герметикалық жалғануын отпен емес сабынды көбікпен тексеруіңіз қажет;

- үйден шығарда газ және электрқұралдарын өшіріңіздер.

                                                                              

                                  Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі